Халық суретшісі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері Қанапия
Темірболатұлы Телжанов өмірден озды.
Ол 1927 жылы туған. 1937 жылы КСРО көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданады. Ал 1941-1944 жылдар аралығында Ресейдегі Киров облысының Халтурин ауданындағы Русаново селосында тұрған. Елімізге 1947 жылы оралып, Алматы театр-көркемсурет училищесінде ұстаздық қызмет атқарды. Одан кейінгі жылдары Қазақтың көркемсурет галереясының директоры, Қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі болды. Оның ұлттық бояуы қанық «Қашағанды құрықтау», «Атамекен», «Домбыра әуендері», «Еңбек адамдары» сынды бірнеше туындылары шынайы өмір көрінісін көз алдыңызға әкеледі. Жемісті еңбегі лайықты бағаланып, орден, медалдармен де марапатталған.
Қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып табылатын белгілі суретшінің отбасына осы оқиғаға байланысты қайғырып, көңіл айтамыз.