Технология • Кеше

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев электронды үкімет порталының жаңа нұсқасы дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

 

Жаңартылған eGov танымал ChatGPT чат-ботының қағидаты бойынша жұмыс істейді. Азаматтарға енді қажетті бөлімді іздеп, бірнеше бланкті толтырып, анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. Жай ғана чатқа сұрау жазса жеткілікті, жасанды интеллект тапсырманы өзі түсініп, деректерді жинап, дайын қызметті ұсынады.

«Электронды үкіметтің келесі деңгейі азаматтар жасанды интеллектпен сөйлесу арқылы толыққанды қызмет алуы. Бұл end-to-end шешім деп аталады. Бүгінде өнім дайын», деді Жаслан Мадиев.

Министрдің айтуынша, сынақ алдағы апталарда басталады. Ал халық үшін толық іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Технология • Кеше