Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында батырға ескерткіш орнату жөнінде біздер, бір топ ауыл ақсақалдары мен батырдың ұрпақтары Зеренді ауданының әкімі Ермек Маржықбаевқа өтініш білдірген едік. Біздің ұсынысымыз қолдау тауып, биылғы жылдың 30 тамызында аудан орталығында 3 метрлік еңселі ескерткіш бой көтергені баршамызды қуанышқа бөледі.

1915 жылы Зеренді ауданының Қойсалған ауылында дүниеге келген Мәлік Ғабдуллин белгілі жазушы Сәбит Мұқановтың отбасында тәрбие алған еді. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ол «Менің майдандас достарым», «Алтын Жұлдыз», «Майдан очерктері», т.б. көркем шығармалардың авторы.
Бүгінде қазақтың батыр ұлы Мәлік Ғабдуллиннің туған өлкесі екпіндеп даму үстінде. Жуырда ғана Чаглинка елді мекенінде балабақша ашылса, Ақкөл мен Бұлақ ауылдарында клуб өз жұмысын бастады. М.Ғабдуллин атындағы ауылдық округте шыны шөлмекке құйылған ауыз су цехы, сонымен қатар Гранитный кентінде тас уатқыш зауыт іске қосылды. Ауданның 20 зейнеткері Бурабай демалыс орнына тегін жолдама алып, ауылдағы мал мамандары мен полиция инспекторларына 28 автокөліктің кілті тапсырылды.
Осынау атқарылған игі істердің баршасына қарап отырып, біз, батырдың бір топ ұрпақтары, аудан халқы атынан Зеренді ауданының әкімі Ермек Маржықбаевтың іскерлігі мен ел сүйгіш азаматтығына ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Елге де, ерге де құрмет көрсете білетін іскер басшы ретінде ауыл жұртының ықыласына бөленген басшының еңбегі жана берсін демекпіз.
Құрметпен:
Майдан Ғабдуллина, Алмасбек Үсенов, Мәдина Батпенова, Сәуле Боран, Алма Ысқақова, Қайрат Қоңырбаев.
Ақмола облысы.