Білім • 29 Желтоқсан, 2025

2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент тапсырмаларын орындау аясында елімізде студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы студенттерге арналған 31 жатақхана пайдалануға беріледі

Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылы студенттерді жатақханамен қамту мақсатында 10 740 орынға арналған 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.

Ведомство дерегіне сәйкес, жыл басынан бері 8 757 орындық 26 жатақхана пайдалануға берілген. Ал жыл соңына дейін қосымша 1 983 орынға арналған тағы 5 жатақхананы қолданысқа беру көзделіп отыр.

Сонымен қатар Гүлзат Көбенова соңғы жылдары бұл бағытта айтарлықтай оң динамика қалыптасқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға қысқарған. Егер 2018-2019 оқу жылында тапшылық 61,4 мың орынды құраса, 2024-2025 оқу жылында бұл көрсеткіш 16,9 мың орынға дейін азайған.

Вице-министрдің сөзінше, аталған көрсеткіштер студенттердің өмір сүру жағдайын жақсартуға және жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Кеше