Асанбай аға! Жұрт: «Асекең!» – деп құрметпен атап кеткен бұл абзал жанды оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Аға ұрпақ өкілдерінің бірі академик Кеңес Нұрпейсов айтқандай ол «Өмірі тек өнегеден ғана тұратын адам» еді. Бітімі мен болмысынан парасаттылық лебі ескен сол Асекең, Асанбай Асқараовтың өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Алматы облысын басқарып тұрған кезіндегі еңбегі ерекше. Әсіресе аймақтың ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық әлеуетіндегі қол жеткен биік деңгейді атап айтпасақ болмайды.

Солардың кейбірін алсақ, Балқаш өңіріндегі Ақдала алқабы күріш өсіретін өңірге айналды. Қарадала, Шеңгелді, Бозой атыраптары суландырылып, бау-бақша, көкөністің мекені болды. Облыста Қапшағай су-электр торабы салынып, Күрті секілді жаңа аудан дүниеге келді. Көптеген сәулетті ескерткіштер мен ғимараттар бой көтеріп ауыл көшелері ретке келді. Білікті басшы аймақтың әлеуметтік әлеуетін арттырып қана қоймай, қазақылықтың да қамын жеді. Облыс орталығы Алматыдағы жалғыз қазақ мектебінің жабылмауы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимеген жанның бірі осы Асанбай ағамыз болатын.
Асекең – жай ғана басшы емес, даналығымен дараланған ірі тұлға. Оның жұмыста өз қағидасы бар-тын. «Жақсы басшы болу үшін адамда үш қасиеттің болуы шарт: біліктілік пен зиялылық, тазалық пен адалдық, халқын шексіз сүю. Осы үш қасиет болса, басқару тәжірибесі, ұйымдастыру қабілеті келе-келе уақытына орай қалыптасады. Ал жоғарыдағыдай қасиеттер жоқ болса, онда ондай басшы елдің соры», деген сөзі бүгінгі қоғамда да өз мәнін жойған жоқ. Ол Жетісу өңірінде қызмет еткен жылдары талай азаматты тәрбиелеп қанаттандырды. «Асқаров мектебінен» тәлім алған ұл-қыздардың ешқайсысы да шалыс басқан жоқ. Шапағатын көрген, шыңдалған шәкірттер еліміздің әр түкпірінде әр салада жетістікке жетті. Солардың бірі – аталған өңірдегі мал шаруашылығын дамытуға сүбелі үлес қосқан азамат, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Бөкей Исабеков. Ол: «Асекеңнің алдына бір рет кіріп, ақыл-кеңесін алып шығудың өзі тәрбиенің үлкен мектебі іспетті еді. Ойға түйген ұсынысымызды іркілмей айтатынбыз. Көп ретте пікірімізге құлақ салып құптайтын. Сонда шаруашылығымызға шабыттанып барып, іске зор құлшыныспен кірісуші едік. Ол кісінің: «Мен – облыстың басшысымен. Егер сендерге қатты айтып, ұрсар болсам, ол менің – әлсіздігім» дегені жадымда жатталып қалыпты», – дейді. Бұл пікір сол тұста Асекеңмен қатар жұмыс істеген әрбір азаматтың ойындағы сөз екені даусыз. Өйткені өзіміз сөз етіп отырған тұлғаның тұсында Алматы облысындағы мал басын асылдандыруға, әсіресе, таулы аймақтағы Нарынқол, Кеген аудандарында шетелдік галловей, абердин-ангус сиырларын өсіру мен арқар-меринос қойының тұқымын көбейтуге, Саты елді мекенінде ангор ешкісін бағуға, Күртіден түйе шаруашылығына арнап «Сарытауқұм» кеңшарын құруға ерекше мән берілгенін ұмытуға болмайды.
Асанбай ағамыздың тағы да бір қасиеті – өзі еңбек еткен аймақтардың ел мен жер жағдайын, әр ауылдың жай-күйін, тіпті егістігі мен жайлауын, қыстауын жіті білетіндігі еді. Бұл оның өз қызметіне шын ниетімен, жан дүниесімен берілгендігінің белгісі болса керек. Облыс көлеміндегі қай іске де сол жердің жағдайын терең зерттеп, зерделеп барып қана іске кірісетін. Ағамыздың біздің Ұйғыр ауданындағы Қарадала шұратына сіңірген ерекше еңбегі бар. Оны бүгінгі жас буынның бірі білсе, бірі білмеуі де мүмкін.
Қазір кейбіріміз Кетпеннің асуы деп жүрген жолдан ата-бабаларымыз ертеде өгізбен, атпен көшеді екен. Сол құз, жақпартастардан жүктерін әупірімдеп алып өтіп, Шалкөденің жайлауына жайғасатын болған. Бертін келе өгіз емес, автокөлік шыға бастаған тұста, Ұйғыр ауданының малшылары асудан өте алмай қалды. Себебі, техникалар бұрынғы соқпақпен жүруге жарамады. Бала кезімізде, есімізде, қойшы-қолаң Шалкөдеге Сұңқардан шығып, Қайқының асуы арқылы Кегеннен өтіп, 300 шақырымдай жол жүріп, зорға жететін. Сонда жайлауға барып, қайтадан күздеуге келудің өзі 600 шақырымды құрайтын. Ол жайлауға бармайын десе, төңіректе жайылым жоқ. Әрине, жоғарыдағы қашықтық оңай жер емес. Осы қиыншылық біздің ауданның шопандарын біраз уақытқа дейін титықтатып жүрді. Асекең облыс басына келген соң бұл мәселені көп ұзамай қолға алды. Әуелі қай жолдың оңтайлы екендігін зерттеді. Ақыры қазіргі бәріміз пайдаланып жүрген асудың жолын жасатты. Осылайша 300 шақырымдық арақашықтық қысқарып, небәрі 40 шақырым болды. Сол кездегі Қалжат, Кетпен, Сұңқар, Кіші диқан, Шарын ұжымшарларындағы 200 мыңнан астам қой мен 30 мыңнан артық ірі қара әлгі жаңа асу арқылы Шалкөде жайлауына еш қиындықсыз барып жүрді. Әрине, жайлауда мал ең әуелі қоңды болды. Онда сүт сауылып, қой қырқылып, еңбек өнімділігі артады. Ал жаздай ауыл маңында мал болмағандықтан ойдағы жайылымдар жетіліп, егін мен шөп ың-шыңсыз жиналатын. Себебі аша тұяқтының бәрі Шалкөдеде ғой.
Ауыл халқына, аудан шопандарына осы жақсылықты жасаған Асанбай аға Асқаров еді. Қой-ешкі тұяғынан төңірек тозбасын, етке өткізетін қоғам малы жайлауға шығып қоңдансын, тауарлы сүт фермаларындағы ақ атаулыға шаң-тозаң қонбасын деп жұрттың таулы өңірге баруын жеңілдеткен бұл жолға жұрт күні бүгінге дейін дән риза. Ризашылық белгісі сол, ел оны «Асқаров асуы» деп атап жүр.
Халық айтса, қалт айтпайды. Және көпшіліктің көңілі қай уақытта да көп нәрсеге бірден ыңғай бере қоймайды. Не нәрсе болса да елдің сын тезінен өтіп барып, жұрт аузымен өмірге енеді. Соның бір мысалы – Асқаров асуы. Байыптап қарасақ, бұл жолдың салынғанына 40 жылға жуық уақыт өтіпті. Ғажабы сол, мұны кім салғанын сол аймақтағы ел-жұрт ұмытпаған. Жоғарыдағыдай атауды халық ешбір жарнамасыз, насихатсыз өзі қойып, өзі айтып кеткен. Ол сол оқиғаға куәгер болған атадан балаға, одан бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ендеше осы атауды неге заңдастырмасқа?! Елдің шын пейілінен туған жол атына аудандық тіл басқармасы қолдау көрсетіп, оған облыстық, республикалық ономастика комитеті оң қабақпен қараса дейміз. Жасыратыны жоқ, күні кешеге дейін: «Адамның аты – ауылға, көкемнің аты – көшеге» деген талай оғаштықты көрдік қой. Біздің сөз етіп отырғанымыз ондай өзімбілермендікке жатпайды. Халықтың өзі айтып, өзі қойған атауын қолдау. Оған жәрдемдесу. Ал бұл – адамгершілік. Осыны ұмытпайық.
Ызғарбек БЕКТҰРСЫНОВ,
Алматы облысының құрметті азаматы
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Бүгін, 19:35
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 18:44
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 18:20
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Бүгін, 18:00
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:27
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Бүгін, 16:11
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Бүгін, 15:44
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар