Дзюдо. Алматыда мәреге жеткен әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 5 күміс және 7 қола медальмен бірінші орынды жеңіп алды. Біздің татами шеберлерінен Елдос Сметов (60 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг), Гүлжан Исанова (+78), Ислам Бозбаев (90 кг) және Максим Раков (100 кг) өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанды.

Футбол. Премьер-лига. 29 қыркүйек күні өткен 28-тур ойындары мынадай нәтижелер әкелді: «Қайрат» (Алматы) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 0:1, «Ертіс» (Павлодар) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1, «Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана) 0:2, «Восток» (Өскемен) – «Ақжайық» (Орал) 2:0, «Тараз» (Тараз) – «Жетісу» (Талдықорған) 0:1, «Атырау» (Атырау) – «Тобыл» (Қостанай) 0:0
Қазір топ басында бұрынғысынша «Ақтөбе» келеді.
Келесі турдың ойындары 5 қазан күні ойналады. Бұл екі ортада, 2 қазан күні Қарағандының «Шахтері» Астанада Еуропа лигасы топтық ойындарының 2-турында Израильдің Хайфа қаласының «Маккаби» командасын қабылдайды.
Хоккей. Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатына қатысып жатқан Астананың «Барыс» командасы 30 қыркүйек күні Минскіде жергілікті «Динамоны» 5:2 етіп ұтып, лиганың 10 ойында шайба соғу жөніндегі рекордын жаңартты. Астаналықтар осы ойындарда 51 шайба салды. Мұның алдындағы рекорд 2010-2011 жылдарғы маусымда 46 шайба көрсеткішіне жеткен Уфаның «Салават Юлаев» командасына тиесілі еді.
Ал Минскідегі мачта жерлестерімізден Брэндон Боченски 3 шайба түсіріп, хет-трик жасады. Одан басқа Талғат Жайлауов пен Роман Старченко мергендіктерімен көзге түсті.