Әлем • 02 Маусым, 2020

Азиядағы кәсіпорындар депрессияға ұшырап жатыр

179 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Локаут аяқталып, пандемиядан зардап шеккен экономикалар қалпына келе бастағанына қарамастан азиялық фабрикалар мамырдағы әлемдік сауда-саттықтың салдарынан рецессиядан шығалар емес. IDC Markit жариялаған мәліметтерге сәйкес, дүйсенбіде Оңтүстік Корея, Жапония және Тайвань елдерінің сауда-саттығымен айналысатын менеджерлердің индекстері құлдырағаны байқалды. Вьетнам, Малайзия, Таиланд және Филиппин мемлекеттерінің көрсеткіштері жақсарғанымен оның деңгейі 50-лік межеден аса алмай отыр. Бұл қысқарту мен ұлғайтудың аражігі.

Азиядағы кәсіпорындар депрессияға ұшырап жатыр

Жексенбіде жарияланған Қытайдың PMI (Сатып алу жөніндегі менеджерлердің индексі) деректері бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі сатып алу менеджерлерінің ресми индексі 50,6-ға дейін төмендегенін көрсетті. Десек те дүйсенбіде Caixin агенттігі шағын экспорттық фирмалардың көрсеткіші 49,4-тен 50,7-ге дейін өскенін тіркеген. Кәсіпорындар жөніндегі бұл деректер «Сары құрлықтағы» экономиканың қалпына келу үрдісі баяу әрі біркелкі емес екенін айғақтайды. Неге десеңіз, Солтүстік-Шығыс аймақтағы мемлекеттердің перспективалық жоспарлары әлсіреп, тоқырап жатыр.  

«Солтүстік-Шығыс Азия вирусты тежеуде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл ұтқырлықты жедел қалпына келтіруге және ішкі сұраныстың артуына жақсы болжам. Алайда, оларға әлі де тұрақтана қоймаған сыртқы ортамен және жартылай өткізгішті сектордағы құлдыраумен күресуге тура келеді», - дейді Сингапурдағы Oxford Economics Ltd-ның Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия экономикалары жөніндегі бөлім басшысы Приянка Кишоре.  

Bloomberg экономистері не дейді?

«Нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде өндірістік индикаторлар төмендегеніне қарамастан жаңғыру белгілері байқалып жатыр. Қайта ашылу үрдісі өңір экономикасына оңайға соқпасы анық. Әсіресе, қазір АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс экономикалық саясатқа ұласу қаупі басым болып тұрған кезеңде», деді  Bloomberg-тің Азия бойынша бас экономисті Чан Шу.

Соңғы уақыттағы жоғары жиілікті көрсеткіштер жаһандық сұраныстың күрт өскенін, сол секілді коронавирусқа қарсы вакцина табылмайынша барлық елдердегі экономиканың реттелу барысы біркелкі болмайтынын аңғартады.

Қызмет көрсету секторына қарағанда, өндірістік сегментке жеңілдіктер енді беріле бастады. Аймақ үкіметтері тек қазір ғана карантин режімін жеңілдетіп, тұтынушылардың сұранысын арттыруға белсенді кірісті.

Әлемдік сауданың көшбасшыларының бірі саналатын Оңтүстік Кореяда мамырда экспорт екі есеге төмендеген. Сауда министрлігінің мәліметінше, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, биыл сыртқы сауданың көлемі 24%-ға азайған. Экономистер теріс сальдоны 25%-дық деңгейде болжаған-ды.  

Кең ауқымды жаһандық сұраныс туындамаса, таяуда «Таңғы жұпар елінің» экспорттық секторында өзгерістер орын алмайтын сынды.

«Жақын арада тұрақты сұраныстың байқалуы екіталай. Бұған қоса өндірістік қуаттан төмен операциялық мөлшерлеменің артуы таяу болашақта өсімнің айтарлықтай тежелетінін көрсетеді», деді IHS Markit-тің экономисті Джо Хейз.

 

Энда Карран және Мишель Джамриско,

Bloomberg

 

Дайындаған:

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ