Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Елорданың 2,5 мыңға жуық тұрғыны жұмысқа орналасты

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол картасы жұмыссыздықпен күрестің тиімді құралына айналды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың 2,5 мыңға жуық тұрғыны жұмысқа орналасты

Бүгінде елордада «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 2410 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 91 ұйыммен ниет хаттамасы жасалып, 87 жоба бойынша жұмыстар басталды. Бос орындар 91 жұмыс берушімен ұсынылған. Бұрын хабарланғандай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы аясында елордада 15 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Олардың жартысы қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы өтеді.

Елорда тұрғындары түрлі бағыттар бойынша басталған 87 инфраструктуралық жобаға жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша әлеуметтік сала, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, елді мекендерді абаттандыру бойынша 117 инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыспен қамту жол картасы жобаларына кадрлар іріктеуде. Бос жұмыс орындары enbek.kz электронды еңбек биржасында қолжетімді болады. Олар құрылыс, жөндеу, абаттандыру салаларында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут пункті құрылды. Бағдарламаға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту орталығына келесі нөмірлер бойынша хабарласу қажет: 57-88-89, 72-93-62. Толық ақпарат жұмыспен қамту орталығының (cz.astana.kz) ресми сайтында.