Экология • 05 Маусым, 2020

StopMusor экологиялық жобасы басталады

338 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

StopMusor – дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларында экологиялық жоба қолға алынады. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық қалдықты жинау­да халықтың мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыру. Қоқысты сұрыптау арқылы еліміздің азаматтарын қайта өңдеу саласына жұмылдырып, «жасыл экономика» тұжырымдамасын дамыту көзделген. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева айтты.

StopMusor экологиялық жобасы басталады

Экологиялық бастаманы көтерген қоғам белсенділері бұл жұмысты іске асыру үшін алдымен қажетті ин­фра­­­құрылымды дамытып, инвес­­тициялық шығындарды оңтай­­ландыру керектігін жет­кіз­ді.

«Биыл Давоста өткен дүние­жүзілік экономикалық форумның басты тақырыбы эко­логия мәселесіне арналды. Біздің қауымдастық адам баласы сапалы қоршаған ортада өмір сүруге құқылы деген ұстанымда. Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ұйым бастамасымен StopMusor жобасы қолға алынады. Ол 2021 жылға дейін жалғасады. Басымдық Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына беріледі. Осы ретте Қазақстан халқын әлеуметтік жауапкершілікке шақырып, баршамызға ортақ экологиямызды таза қал­пын­да сақтауға күш бі­рік­ті­руге шақырамыз. Ата-ана­­ларымыз бала кезден «Мә­дениет тазалықтан бас­­­­талады» деп бекер үй­рет­­песе керек. Сондықтан осы акцияның көмегімен қоғамның назарын аталған мәселеге аударып, экологияға қатысты күрмеулі проблемалар шешімін табады деген үмітіміз басым», деді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы А.Соловьева.

Қазақстанның эколо­гия­­лық ұйымдар қауым­дас­­ты­ғы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақановтың ай­ту­ын­ша, қалдықты сұ­рып­тау мәдениетін қалыптас­тыр­май­ын­ша, қайта өңдеу саласын дамыту қиынға соғады.

«Сыртта жүргенде шөл­мек, пакет және тағы да бас­қа қалдықтар көзге жиі түседі. Сол себепті Халық­аралық қоршаған ортаны қорғау күні аясында осындай акцияны бастауды құп көрдік. Әлеуметтік зерттеу көрсеткендей, ұсақ тұр­­мыстық қалдықтың 80%-ы қоғамдық орын­да­рын­дағы арнайы жәшіктерге салынбайды екен. Төтенше жағдай және карантин ре­жі­мінде қоршаған ортаға бейқам қара­майтын адамдар бар екені қуантқаны рас. Осы­ған байланысты зерттеу жүргізілді. Нәтижесін кейін ұсынатын боламыз. Сауал­да­маға қатыс­қан­дардың басым бөлігі қо­ғам­дық орын­дарда ұсақ қо­қы­сты бай­қай­тындарын жет­кізді» деді Е.Абақанов.

Қоғам бел­сен­ділері ак­ция­­ның негі­зінде бейнелеу өнері өкілдерін тарту ар­қылы шы­ғармашылық жо­ба­ларды жү­зеге асыру жос­пар­лан­­ғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар