Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады. Соның бірі сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Артық сот рәсімдері қысқарады
Әуелі Сенат депутаттарының назарына «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.
Аталған құжат жөнінде Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейрамбек Таймерденов баяндады. Оның айтуынша, заң жобасы үш бағыттан тұрады. Олар – соттар жұмысын заманауи форматқа келтіру, азаматтық процестегі тиімділікті арттыру және сот ісін жүргізудегі цифрландыру.
– Соттарға қатысты «судья істі қарағанда оның ақ-қарасына неге терең үңілмейді?», «неге тек ұсынылған дәлелдермен қанағаттанып, шешім шығарады?» деген сыңайдағы сын жиі айтылады. Оған себеп – қолданыстағы Азаматтық процестік кодекстің талабы. Кодекс бойынша судьяның ешбір жағдайда талап-арыз шеңберінен шығуға мүмкіндігі жоқ. Кодексте не талап етілсе, тек сол мәселені қарап, шешім қабылдауға міндетті. Өз бетінше басқа да мән-жайларды анықтауға еш құқығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, судьялардың қолы байлаулы деуге болады. Соның салдарынан соттарға айтылатын сын да аз емес. Бұл проблеманы шешудің бір ғана жолы – судьяның процестік рөлін түбегейлі өзгерту. Әділ шешім қабылдау үшін ол дауды жан-жақты, бүге-шүгесіне дейін түсініп алуы керек. Бұл дегеніміз, судья процестік жағынан еркін болуы қажет. Қандай уәжді немесе дәлелдерді зерттеу керек екенін ол өзі анықтауы тиіс. Бұл – біз ашып отырған жаңалық емес, озық дамыған елдердің соттарында қалыптасқан тәжірибе. Сондықтан осы тәжірибені пайдаланбақпыз, – деді М.Таймерденов.
Заң жобасының негізгі міндеттері – соттардың азаматтық істерді шешу, процестің жарыспалылығы қағидаттарын ұстану тәсілдерін өзгерту; азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту; артық процестік әрекеттер мен сот актілерін қысқарту; сот ісін жүргізуде электронды сервистер мен техникалық құралдарды қолдануды кеңейтуді қамтамасыз ету.
Құжатта соттың күрделі емес мәселелерді тараптарды шақырусыз қарауымен байланысты процестік әрекеттерді оңтайландыруға бағытталған нормалар қамтылған. Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібіндегі істерді электронды форматта қарау ұсынылады. Сондай-ақ электронды хаттамаға, процеске қашықтан қатысуға, процеске қатысушылардың электронды гаджеттерді және басқа техникалық құралдарды пайдалануына қатысты басқа жаңалықтарды да қарастырады.
Сенат Спикері Азаматтық процестік кодексіне енгізіліп отырған түзетулер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленгенін атап өтті.
– Өзгерістер мен толықтырулар сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға және артық сот рәсімдерін қысқартуға септігін тигізеді. Сондай-ақ заманауи электронды сервистерді енгізуге, азаматтардың еліміздегі сот жүйесіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан кодекске енгізілген түзетулер сот төрелігінің жеделдігін және тиімділігін қамтамасыз етіп, сот жүйесінің одан әрі дамуына оң әсер етеді деп сенеміз, – деді М.Әшімбаев.
Кедендік бақылаудан жалтаруға жол бермейді
«Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР-дың кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.
Аталған келісімге 2019 жылғы 6 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында Еуразиялық экономикалық кеңес алқасының төрағасы, Одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері және ҚХР Сыртқы істер министрі қол қойды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді.
– Келісімнің ережелері ақпарат алмасудың негізгі кезеңдерін, тараптардың өзара іс-қимыл тетігін және мәліметтердің көлемі мен құрамына қойылатын талаптарды реттейді. Жеке тұлғалардың пайдалануына арналған тауарларды қоспағанда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың экспорттық және транзиттік декларациялары бойынша өзара деректермен алмасу көзделген. Ақпарат алмасу Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен Қытайдың уәкілетті органының ұлттық ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, көліктің барлық түрлері бойынша электронды түрде жүзеге асырылады. Келісім күшіне енген күннен бастап 18 айдан кешіктірмей мәліметтің құрылымын, форматын, сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттарын анықтайтын жекелеген хаттамалар қабылданады. Аталған хаттамалар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚХР-дың Бас кеден басқармасы арасында жасалады және одан әрі ратификациялауды талап етпейді, – деді министр.
Осы Келісім бойынша ақпарат алмасу кедендік операцияларды жүргізуді жеделдетуге, алынған мәліметтерді тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолдануға және кедендік бақылаудан жалтару фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында екі тараптың кедендік аумақтарына ықтимал қауіпті, өткізуге тыйым салынған және шектелген тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді азайту көзделіп отыр.
Бұған қоса «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановтың айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – соғыс жағдайы саласындағы заңнаманы жетілдіру. Бұл елімізде қауіпсіздікке төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс әлеуетін қолдау қажеттігінен туындап отыр.
– «Соғыс жағдайы туралы» заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылып отыр. Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы саласын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту болып отыр. Одан басқа Үкімет қызметі мынадай өкілеттікпен толықтырылады: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғаныс саласын қамтамасыз ету міндетін белгілеу, – деді М.Бектанов.
Сонымен қатар соғыс жағдайы кезеңінде жергілікті атқарушы органның өкілеттігін көздеу, оларға «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаныс кеңесін» құруға өкілеттік беру ұсынылады. Бұл ретте қорғаныс кеңестері әскери басқару органы ретінде соғыс жағдайы саласының орындалуын қамтамасыз етеді. Олар тек соғыс жағдайы кезеңіне құрылады. Сондықтан Қарулы Күштер құрылымына кірмейді.
Жалпы отырыста лотерея қызметін құқықтық жағынан жетілдіруге бағытталған заң жобасы қаралды. Бұл құжатты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды.
Оның айтуынша, 2017 жылы Үкімет шешімімен «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы лотерея операторы болып 15 жыл мерзімге анықталды. Лотерея операторының қызметкерлерінің саны 748 адамды құрайды. Республика бойынша
3 мыңға жуық таратушы (агент) саны шағын және орта кәсіпкерлерден тұрады. Олармен келісімшарттар негізінде жұмыс жүргізіледі, яғни лотерея операторы лотереяның дұрыс жүргізілуіне және таратылуына тікелей өзі жауап береді. Сондай-ақ лотерея билеттерін таратуды өзінің негізгі қызметтерімен қатар атқаратын ірі дистрибьютерлер бар.
Осы құжат арқылы лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотереяны өткізгені үшін жауапкершілігін белгілеу арқылы лотереяны және лотерея қызметін реттеу тетіктері жетілдіріледі. Одан бөлек, лотереяны таратушының (агенттің) мәртебесі заңмен бекітілді, лотерея операторы немесе лотерея таратушысы болып табылмайтын тұлғаның лотереяны таратуына тыйым салу енгізілді, лотерея билеттерінің электронды нысандарына және лотерея өткізуге пайдаланылатын жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленді, лотерея операторы және лотерея таратушылары болып табылмайтын тұлғалардың лотереяны жарнамалауына тыйым салу енгізілді.
Отырыста сенаторлар депутаттық сауалдарын жария етті. Нұртөре Жүсіп балалар әдебиетін дамыту жөнінде, Әбдәлі Нұралиев «Қазфосфат» ЖШС-ның өнеркәсіп қалдықтарына (фосфогипске) қатысты, ал Төлеубек Мұқашев өңірлерді дамыту туралы мәселелерді көтерді.
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Тарих • Кеше
Тұрғын үй құрылысы тұраламас үшін...
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қандастардың қатары қалыңдайды
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Елорда • Кеше
Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті
Руханият • Кеше
Президент 4 оқушыны қаққан мас жүргізуші оқиғасын бақылауға алды
Президент • Кеше
Ақмолалықты пышақтаған қарағанды тұрғыны қолға түсті
Аймақтар • Кеше
Қ.Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс кездесуіне қатысты
Президент • Кеше
Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады
Аймақтар • Кеше
«QazCovid-in» вакцинасы сәуір айынан бастап өндіріледі
Медицина • Кеше
Елордада тұрақтағы көлік өртеніп кетті
Аймақтар • Кеше
Өткен жылы жол-көлік апатынан қанша адам зардап шекті
Қазақстан • Кеше
Ақтоты Райымқұлова шығармашыл балалармен кездесті
Қазақстан • Кеше
ҚазҰУ магистранттары жаңа құрылғы ойлап тапты
Технология • Кеше
Технология • Кеше
Торғайда бір апта жоғалған жылқышы атының арқасында аман қалды
Аймақтар • Кеше
Жолда қалған 137 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Елордада тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті
Елорда • Кеше
Қостанайлық қаскүнем гүл сататын дүкенді тонаған
Аймақтар • Кеше
«Shymkent City» жобасына 0,5 трлн теңге инвестиция тартылған
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері ЭЕБ көмегімен 101 мың адам жұмыс тапты
Қазақстан • Кеше
Себебі белгісіз: Өсек өзенін ақ көбік басты
Аймақтар • Кеше
Шымкентте шетелдік ғалымдардың қатысуымен конференция өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Елордада су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Нидерландта сегіз спортшымыз өнер көрсетеді
Спорт • Кеше
4 облыста қандастарды бейімдеу орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
«Ореn University» кеңсесі мен «Таза қол» мүсіні ашылды
Аймақтар • Кеше
Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Астана» Ласина Траореге көз тікті
Футбол • Кеше
Алматы тауларында адасқан туристер табылды
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстандық армия ұшқышсыз ұшу аппараттарын қарқынды дамытуда
Қазақстан • Кеше
«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте демеушілер есебінен 7 спорт алаңшасы салынады
Аймақтар • Кеше
Антикор өткен жылғы құқық бұзушылық фактілерді жариялады
Қазақстан • Кеше
«Adaldyq alańy»: Жобадан жалпыұлттық Қозғалысқа
Қоғам • Кеше
Алматы облысында көлік қаққан оқушы қыздар комада жатыр
Аймақтар • Кеше
«Медеудегі» автотұрақ ақылы болады
Аймақтар • Кеше
Қарағандыда екі айлық қыз бала табылды
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қалай жүзеге асуда?
Қазақстан • Кеше
Атырауда 2 мыңға жуық мұғалім вакцина салдырады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар