Спорт • 06 Маусым, 2020

Аралас жекпе-жек: Лас-Вегаста кімдер айқасады?

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 маусымда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC турнирі өтетіні белгілі. Сол жарыста кімдердің күш сынасатыны толықтай анықталды.

Аралас жекпе-жек: Лас-Вегаста кімдер айқасады?

Қазақстандық жанкүйерлердің назары Мария Агапова ауып отырғаны сөзсіз. 23 жастағы жерлесіміз осы күнге дейін 9 кездесу өткізіп, 8 рет жеңіске жетті. Былтыр 30 шіледе ол америкалық Трэйси Кортезден ұпай санымен ұтылған болатын. Одан кейінгі екі жекпе-жегін Агапова жеңіспен аяқтады. АҚШ спортшысы Алекса Коннерс «қылқындыру» әдісімен ұтса, бразилиялық Марилия Сантосты шынтақпен ұрып құлатты.

Лас-Вегаста Мария Агапова Мелисса Гаттомен күш сынасады. Бразиялияның өкілі осыған дейінгі бес кездесуін жеңіспен аяқтап, екі бәсекеде тең есеп тіркелген еді. Соңғы рет ол осыдан екі жыл бұрын өзінің отандасы Каролин Роза Каведомен айқасып, айқын басымдықпен ұтты.

13 маусымда өтетін айтулы жекпе-жек турнирінің толық карды мынадай:

Джессика Ай – Синтия Кальвильо

Карл Роберсон – Марвин Веттори

Андре Фили – Чарльз Журден

Рэй Борг – Мераб Двалишвили

Марк Де Ла Роса – Джордан Эспиноса

Мария Агапова – Мелисса Гатто

Кевин Агилар – Чарльз Роза

Джулия Авила – Джина Мазани

Райан Бенуа – Тайсон Нэм

Джордан Гриффин – Деррик Минер