Әкім түлектердің арман-мақсатын, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мамандық таңдау мен жоғары білім алудың маңызы туралы ақыл-кеңесін берді. Ал, түлектер алдағы ҰБТ-ға дайындық, таңдаған мамандықтарына, қоғамды толғандыратын мәселелерге байланысты ойларымен бөлісті.
Дарынды түлектің бірі –Ә.Жангелдин атындағы орта мектебінің түлегі Эльдар Құрмашевмобильді қосымша жасап, «Жас өнер тапқыш» атанған еді. Енді ол тағдаған мамандығын ақпараттық технологиямен байланыстырғалы отыр.
–Қазір әлемде IT саласы қарқынды дамуда. Бірде-бір саланы осы технологиясыз елестету мүмкін емес. Жаһандық пандемия цифрландырудың маңызын тағы да дәлелдеп берді. Елімізде аталған салаға айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, қазірден бастап жаңа технологияны меңгерудің маңызын ескеру керек. Бүгін мобильді қосымша жасасаң, ертең IT саласында адамзаттың игілігіне айналатын жаһандық деңгейдегі жаңалық ашарыңа сенемін. Арманыңа жет, Эльдар, -деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түлектерге ақ жол тіледі.
Кездесу соңында Амангелді атындағы орта мектебінің түлегі Айбек Кәрімов Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов түлектерге «Абайдың қара сөздері» кітабын сыйға тартты.