Жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты, 7-15 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.