Қазақстан • 08 Маусым, 2020

Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 53 резиденция құрылды

642 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 53 резиденция құрылды

«Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 53 резиденция құрылды. 520 жобаның құны 34 млрд теңгені құрады. Ол: Ауылдық мектептер, жолдар, медициналық амбулаториялар, көшені жарықтандыру, спорт алаңдары, ауылдық клубтар және өзге де инфраструктуралық жобалар. Мұның барлығы ауыл тұрғындары үшін. Өңірлік дамудағы негізгі күш ауылдарға жасалады. Бұл – «Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобалары. Тірек ауылдар ұзақмерзімді әлеуетіне қарай анықталады. Сондай-ақ, моно, шағын қалаларды дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдан бастап «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырылып келеді. Ол ауылдағы өмір сапасын жақсартуға, ауыл аймақтардың құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – ауылдарды өңірлік стандарттарға жеткізу. 2020 жылы жобаны қаржыландыру 3 есеге артып, қамтылатын ауылдар 4 есеге кеңейтілді. Бұл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 млрд теңгенің 920 жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған жұмыстар 216 ауылды қамтиды», - деді Руслан Дәленов.

1

Сондай-ақ министр 2027 жылдың соңына дейін қажетті іс-шаралар 3 561 ауылда жүзеге асырылатынын жеткізді.

1