Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Атырау тұрғыны есірткімен ұсталды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Естен тандырар есірткіні сатып, көл-көсір пайдаға кенелмек болған жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарының құрығына ілінді. Облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының  қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірге өткізген жедел-іздестіру операциясы кезінде синтетикалық есірткіні  өткізбек болған 32 жастағы азамат ұсталып қалды.

Атырау тұрғыны есірткімен ұсталды

– Күдіктіні тексеру кезінде оның теріс діни ағымның өкілі екені анықталды. Одан синтетикалық есірткі заттары, тыйым салынған діни әдебиеттер, қолдан жасалатын жарылғыш заттарды дайындауға қажетті компоненттер тәркіленді, -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабы және 256, 174-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Теріс діни ағымның өкілі қамауға алынды.