"Дипломмен ауылға" жобасы аясында жастарға баспанаға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беруі кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

"Жастарды ауылға тарту бойынша "Дипломмен ауылға" жобасы іске асырылуда. Былтыр 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл тұрғыда мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, сондай-ақ ветеринарлар мен агрономдар қамтылды. Олар үшін баспанаға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оның жоғары сомасы жыл сайын артып келеді. Бүгінде оның көлемі 4,1 млн теңгені құрады. Несиелеу ставкасы 15 жылға 0,01 пайызды құрады. Сонымен қатар жоба аясында көшетіндерге арнайы ақы қарастырылғанын еске салғым келеді", - деді министр.
Руслан Дәленов сондай-ақ биыл баспанаға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларымен тағы да 5 мың жас маман қамтылатынын жеткізді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жастар жылы" аясында қаржыландыру көлемі төрттен бір бөлікке артып, биыл оның сомасы 20 млрд теңгеге жетті", - деді ол.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар