Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 4,5%-ды құрап, инфляция 5,4% деңгейінде байқалды. Халықтың нақты табысы 6,5%-ға жетіп, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,5% - ға өсті. Жұмыссыздық индексі 4,8%-ды көрсетті. Бұл туралы салалық министрліктің есептік кездесуінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, 2019 жылы экспорт 58 млрд долларға жетіп, тұтастай сыртқы сауда айналымы 96 млрд долларға өскен. Алайда төтенше жағдай мен карантин режімі ұлттық экономикаға теріс әсер етіп, іскерлік белсенділіктің төмендегенін сала министрі жоққа шығармады. Айталық биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ 0,2%-ға төмендеп, тауарлар өндірісі 5,8%-ға өскен. Десе де қызметтер өндірісі 4%-ға қысқарып, оның нәтижесі ІЖӨ-нің 0,2%-ға құлдырауына алып келді. Мамыр айында жылдық инфляция 6,7% деңгейінде байқалды. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың өсу қарқыны 0,9%-ды көрсетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен төмен нәтиже.
«Экономиканы қалпына келтіру үшін жедел шаралар қолға алынып, 2020 жылдың соңына дейін кешенді жоспар қабылданды. Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет экономиканы қолдауға арналған шұғыл 2 пакет әзірледі. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілері салықтық және әлеуметтік төлемдерден босатылып, оның мерзімін кейінге қалдыру ұсынылды. Мұндай жеңілдіктер отандық агроөнеркәсіптік кешен өкілдеріне, сауда және ойын-сауық орталықтарына, IT компанияларға, қоғамдық тамақтану, қонақүй, туризм секілді басқа да қызмет көрсету салаларына берілді. Шағын және орта бизнесті жеңіл несиемен қамту тетігі айтарлықтай кеңейтілді. Бұл бағыттағы несиенің көлемі 1 трлн теңгеге артты. Нақты айтсақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 400 млрд теңге және Ұлттық банк желісімен 600 млрд теңге қарастырылған. «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша қамтылатын салалар айтарлықтай кеңейтілді. Қарыз алушылар үшін қорытынды мөлшерлеме 6% деңгейінде белгіленді», деді Р.Дәленов.
Экономиканы тұрақтандыруға бағытталған кешенді жоспар нақты шараларды қамтитын қолданбалы сипатқа ие. Соған сәйкес, өнеркәсіпті дамыту қорын құру көзделіп отыр. Өңдеуші сектордағы кәсіпорындарды 3%-дық жеңілдік мөлшерлеме бойынша несиелеу жүйесін іске қосу қарастырылады.
Р.Дәленовтің сөзіне сүйенсек, шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық банк және «Бизнестің жол картасы-2025» желілері бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп, несиелеу рәсімдері жеңілдеді. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «микронесиелеу» бағыты құрылып, бизнесті 6%-дық мөлшерлемеден аспайтын субсидиямен қамту жоспарлануда.
Спикер өңірлерді дамытуға арналған «Ауыл – ел бесігі» және «Дипломмен – ауылға!» жобалары арқылы атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Мәселен, былтыр «Ауыл – ел бесігі» жобасының көмегімен 53
ауылда 34 млрд теңгеге 520 жоба жүзеге асырылғанын айтты. Оның ішіне ауылдағы жолдарды, мектептерді, ауруханаларды, емханаларды салу, жарықтандыру, спорт алаңдарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін және басқа да инфрақұрылымдық нысандар салу кіреді.
«2020 жылы қаржыландыру 3 есеге, қамтылатын ауыл саны 4 есеге өсті. Яғни «Ауыл – ел бесігі» 216 ауылда 98 млрд теңге сомасына 920 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тұтастай айтқанда, 2022 жылдың соңына дейін қажетті іс-шаралар 3 561 ауылда жүзеге асырылады», деді министр.
Р.Дәленов бизнесті тиімді жүргізуді анықтайтын Doing Business халықаралық рейтингінде Қазақстанның позициясы жақсарып келе жатқанын айтты. Бүгінде еліміз 25-орында нық орналасқан. Спикер аталған рейтинг кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ салалық заңнаманы жетілдіруге септесетінін алға тартты. Жағымды динамикаға келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету (4-орын), миноритарлы инвесторларды қорғау (7-орын) мен кәсіпорындарды тіркеудегі (22-орын) жетістіктер әсер етті. Сонымен бірге халықаралық сауда (105-орын), электр желілеріне қосылу (67-орын), төлем қабілеттілігіне рұқсат беру (42-орын) бағыттарында төмен нәтиже байқалған деп нақтылады жауапты орган басшысы.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар