Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп және энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов пен энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіп кешеніндегі ахуал туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердің дамуы туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.
Биылғы қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,7%-ға төмендеді, бұл пандемиядан туындаған әлемдегі және аймақтағы іскерлік белсенділіктің күрт құлдырауына, сондай-ақ шикізат пен капиталдың халықаралық нарықтарындағы тұрлаусыздыққа байланысты.
Сонымен қатар Үкімет қабылдап жатқан шаралар мен ұлттық экономикада жинақталған тұрақтылық ҚР экономикасының нақты секторының сенімді өсу қарқынын қамтамасыз етуге жол ашты. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 5,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 4,9%-ға, оның ішінде машина жасау – 18,5%-ға, фармацевтика – 21,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 10,8%-ға, құрылыс материалдарын өндіру – 12,3%-ға өсті. Құрылыс көлемі 5,9%-ға өсті, сауда балансының оң сальдосы қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға өсті. Көктемгі егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды, олардың қорытындысы бойынша егіс алқабы 237,7 мың га артып, 22,5 млн га құрады.
Халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары белсенді түрде іске асырылып жатыр. Биыл жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша кешенді шаралармен ҚР 1,22 млн азаматы қамтылады.
Карантин режимін кезең-кезеңмен жеңілдету аясында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік серпінді түрде қалпына келтіріліп жатыр. Мәселен, мамыр айында сәуірмен салыстырғанда сауда (+28,3%), көлік секторында (+20,7%) және халыққа қызмет көрсету (+28,8%) саласында айтарлықтай өсім байқалды.
Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Сонымен қатар мамыр айында биылғы сәуір айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32%-ға артты. Оған қоса негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемінің өсімі 25,7%-ды құрады.
"Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономиканың дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау және осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша біз қабылдаған шұғыл шаралар ықпал етуі тиіс", — деді А. Мамин.
Негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың озық өсу қарқыны Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстарында қамтамасыз етілген, орташа республикалық мәндерге Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қол жеткізілді, кейбір көрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен өңірлер — Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.
Үкімет басшысы өңірлердің Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, отандық өндірісті барынша қолдау, инвестициялар тарту, экспортты ілгерілету, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін барлық шараларды белсенді түрде қабылдау қажеттігін атап өтті.
"Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді жұмсау қажет. Әрбір теңге экономикаға пайда әкелуі тиіс", — деді А. Мамин.
Премьер-Министр жарты жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысының тиімділігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатынын атап өтті.
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар