Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Волонтерлерді қалай дайындайды?

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Birgemiz:qamqor" жобасы аясында жыл соңына дейін 1000 волонтер оқитын болса, бүгінде 500-і сертификат алып үлгерген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Волонтерлерді қалай дайындайды?

Жыл басталғалы  qazvolunteer.kz  сайтына тіркеліп, жобаларын ұсынған 68 волонтерлық қозғалысқа мемлекет тарапынан 300 мың теңгеден грант бөлінеді.

Бір күндік курс екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншісі алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету болса, екіншісі волонтерлар міндетті түрде қарттар үйінде тәжірибиеден өтулері керек. Олар өздеріне жүктелген міндеттің жеңіл еместігін әбден түсінеді.

–"BIRGEMIZ:QAMQOR" жобасы жылдың басында бастау алды. Біздің бағытымыз волонтерларды қарттар үйіне көмекке тарту. Бұған дейін карантин кезінде  "ZOOM" платформасы арқылы барлық сабақтарды онлайн өткіздік. Қам көңіл қарияларға көмек қолын созғысы келетін жанашыр жандардың көп екендігін көрген сайын көңілің нұрлана түседі,–дейді "Birgemiz:qamqor" жобасының үйлестірушісі  Әлия Ахметова.

Бүгінде Ақмола облысы бойынша 2 мыңнан астам волонтер мен 70 ұйым тіркелген.