Аймақтар • 09 Маусым, 2020

«Өрлеу» институтының тренерлері мен тыңдаушылары онлайн оқу жүйесіне көшті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздегі «Өрлеу» мұғалімдерінің біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы АҚ-ның  облыс бойынша қызмет жасайтын институтында да  карантин кезінде  мұғалімдері үшін қашықтан оқыту курстары өткізілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өрлеу» институтының тренерлері мен тыңдаушылары онлайн оқу жүйесіне көшті

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының тренерлері мен тыңдаушылары онлайн оқу жүйесіне көшкен.

Курс тыңдаушыларына интернет-ресурстарды қолдана отырып, жан-жақты ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетілуде; бейнедәрістер өткізіліп, өзіндік жұмыстар, семинарлар ұйымдастырылуда. 

Институт директоры  Роза  Әшімбетованың айтуынша, жыл сайын 2 500-ден астам мұғалім оқу орнына келіп, кәсіби біліктілігін арттырады.

Өңір мұғалімдері-Отандық білім беру саласына енгізілген жаңартылған бағдарлама арқылы оықып, үйренуде.

Жаңартылған бағдарлама арқылы практика жүзінде оқушының қабілетін, функционалдық сауаттылығын ашуға басымдық берілген.

Ал, мұғалім тек бағыт-бағдар ғана беруі тиіс. Ауыл мен қала мектебі және Дарынды балаларға арналған мектептердің мазмұнын бірдей деңгейге жеткізу көзделген.

Сондай-ақ, институтта директорларға арналған курстар, бағдарламалар өтуде.

Маусым айының 2-де «Инновациялық идеядан-жаңартылған білім беру практикасына» тақырыбында аймақтық педагогикалық онлайн-форум өтіп, форумға 23 филолог- педагог қатысты. Іс-шараны модератор, инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Анар  Ахметниязова болды.

Форумның мақсаты-озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, жаңартылған оқу бағдарламаларын жүзеге асырудағы педагогикалық практиканың инновациялық тәжірибесін тарату, педагогтерге кәсіби шеберліктерін жетілдіруде және дамытуда курстан кейінгі қолдау көрсету.

Павлодар, Екібастұз, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері әріптестерімен жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

 

Павлодар облысы