Қоғам • 12 Маусым, 2020

Алматыда жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бейсенбі күні төмендегідей шешімін жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылды

"Биыл 9 маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын. Алайда, Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады. Тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз", - деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.