"Бағдарламаның тұрғындар үшін тиімді тұсы - үй иелері жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені өздері таңдайды. Яғни бағдарламаның талаптарына сәйкес ең алдымен тұрғындардың кемінде 70%-ы келісуі қажет.Таңдаған мекеме жұмысын тұрғындар арасынан сайланған белсенді топ толық бақылауда ұстап, қадағалайды. Жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардың сын-ескертпелері болса мердігерге жеткізе отырып, өзгертулер енгізе алады. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары аяқталғанда үйді қабылдап алуға да сол белсенді топ мүшелеріатсалысады", - деді қала әкімінің орынбасары Е. Бердібаев.
Мұратбаев көшесі 36-үйдің тұрғыны Ирина Осадчук модернизацияны ұзақ күткендерін айтады. 1964 жылы салынған баспаналары көп жылдан бері дұрыс жөндеу көрмепті. Қазір жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарына көңілі толады және өздеріұдайы бақылап отыр.
"Бұрын үйіміздің шатыры шұрық-тесік еді. Сол дұрысталып жатыр. Судың, жылудың құбырлары да ретке келтірілді. Мердігерді өзіміз таңдадық. Өзіміз қадағалап жүрміз. Жаңғырту жұмыстары ойдағыдай", - деді. Төле би көшесі 137-а үй тұрғыны Алмағанбет Жүнісов.
Облыс орталығында жалпы саны 815 көп қабатты тұрғын үй болса, соның 426-сы жөндеуді қажет етеді. Осы жұмыстарды жалғастыру мақсатында тағы да қаладағы 26 үйді жаңғыртуға бюджеттік өтінім берілді.