Мәжілістен кейін Бас мүфти Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітте облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарымен кездесу өткізді.
Жергілікті мешіттің жұртшылықпен байланыс бөлімінің жетекшісі Амантай Тойшыбайдың айтуынша, бұл кездесу "Білім тұрған жерде иман тұрады" тақырыбында өтті.
Бас мүфти дәстүрлі Ислам дінін халыққа насихаттау үшін, жастарға үлгі болу үшін "Ұлы Бабалар жолы" деген бағытта осындай рухани жұмысты басталғанына тоқталды.
Білімнің маңызы, білімді адамдардың сипаты, білім-иманның, кішіпейілдіктің, көркем мінездің, мейірімділіктің сауыты екендігі жайлы рухани әңгіме өрбітті.
Ал, өңірдегі қала, аудан имамдарына дінімізді насихаттау жолындағы сауапты қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, имамдар тарапынан айтылған сұрақтарыға жауап берді.
Кездесу соңында әлемге, елімізге, қасиетті дініміздің көркеюіне бағышталған бата-тілектер айтылды.
"Бабалардың өмір жолынан үлгі алып, жастарға таныстырғымыз келеді. Осы жерде бекітілген пәтуалар, шығарылған шешімдер ескеріледі деген ойдамын", - дейді.
Ал, ғұламалар мәжілісінде қабылданған құжаттар мен пәтуалар кейін кең көлемде жарыққа шығарылып, еліміздегі мешіттердің қызметкерлеріне беріледі.
ПАВЛОДАР