Тағайындау • 15 Маусым, 2020

Алматының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімінің бұйрығымен бүгін Алмас Батанов Алматының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы тағайындалды

Алмас Батанов 1977 жылдың 21 қарашасында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, ал 2004 жылы Алматының технология және бизнес университетін, 2010 жылы Ноттингем Университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласындағы "Метрология" республикалық мемлекеттік кәсіпорында жетекші маман болып бастаған.

2000-2009 жылдар аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында "Қазақ метрология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны орталығында бас маман, басқарма басшысы, орталық басшысының орынбасары, орталық басшысы қызметттерін атқарған.

2013 жылдан 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы өңірлік даму Министрлігінің өңірлік мониторинг және бағалау департаментінің директоры болды.

2014 жылдан 2016 жылдар аралығында Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарында болды.

2016 жылдан 2019 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.