Аймақтар • 15 Маусым, 2020

Шымкент әкімі вирус жұқтырды ма?

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың COVID-19 вирусын жұқтырғаны мәлім болғалы, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің денсаулығы жөнінде сұрақтар туындауда, - деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шымкент әкімі вирус жұқтырды ма?

Бұл сұраққа қала үшінші мегаполис әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбек ресми жауап берді. 

"Иә, Елжан Біртанов 10 маусым күні Шымкент қаласында құрылысы аяқталған инфекциялық госпиталь ғимаратымен арнайы келіп танысқан болатын. Десе де, қала әкімі оған дейін және одан кейін де тест тапсырған. Соңғы рет кешегі жексенбіде тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты. Соған қарамастан Мұрат Әйтенов адамдар көп шоғырланатын жерге шықпай, өз кабинетінде қашықтықтан жұмысын жалғастыруда.",   - деді ол. 

Сондай-ақ, Арай Есенбек  Мұрат Әйтеновтың жиындарды онлайн режимде өткізіп отырғанын және сақтық шаралары өз деңгейінде сақталып жатқандығын бас айтты. 

"Жалпы Мұрат Дүйсенбекұлы тұрақты түрде аптасына бір-екі рет COVID 19 вирусына тест тапсырып тұрады", - деген қала әкімінің баспасөз хатшысы Әйтеновтың денсаулығы үшін алаңдаған азаматтарға алғысын білдірді.