Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін үш бірдей үңгілеу бригадасы болашақ лаваға арналған тазарту учаскесін жыл бойы даярлапты. Қажетті жабдықты құрастырудың өзіне үш ай уақыт жұмсалған.
Жаңа лавада механикаландырылған Глиник 22-45 кешені, SL300 тазалау комбайны, кенжар конвейері және басқа да жабдықтар орнатылған.
"Кен байыту фабрикалары мен металлургия комбинатына жөнелтілетін кокстенетін К10 көмірінің қоры шамамен 800 мың тоннаны құрайды. Аталған учаскеде жағдай жаман емес: ондағы техника да сенімді. Онымен біз бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Алдымызға қойған міндеттерді толығымен орындап шығамыз деп сенімді түрде айтуға болады", – дейді Т.Күзембаев атындағы шахтаның директоры Сергей Потемкин.
Үңгілеушілер бригадирі Геннадий Валявский жаңа лаваны іске қосу мақсатында жұмыстың өте қарқынды жүргізілгенін айтады. Олар ай сайын 90-100 метрден қазып отырыпты.
Жуырда ғана мемлекеттік комиссияның қабылдауынан өткен "44к10-в" атты жаңа лава қазіргі уақытта кен өндіру жұмыстарын бастап кетті.