Аймақтар • 16 Маусым, 2020

Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс бойынша "Жас маман" жобасына іріктеліп алынған 5 оқу орнының бірі Шағалалы елді мекеніндегі жоғары агротехникалық колледжі, деп жазады Egemen.kz

Ақмолада "Жас маман" жобасы іске асырылуда

Колледжде 500-ден аса жас білім алады. "Жас маман" жобасын жүзеге асыру барысында "Электрмен қамтамасыз ету" мамандығы бойынша құзыреттілік орталығын құру жоспарланып отыр. Оған 4 зертхана мен шеберхана және оқу полигоны кіретін болады.

"Республикалық бюджет бойынша колледжге биыл 233 млн теңге қаржы бөлінді. Жақын арада "Электромонтаж" шеберханасына, өзге де оқу-жаттығу полигондарына қажет қондырғыларды Германия, Жапония, Ұлыбританиядан әкеліп орнататын болады. Колледжді аяқтаған жастардың негізгі бөлігі жұмыспен қамтылады. Олар "Көкшетау энерго" серіктестігіне немесе Елордадағы ірі кәсіпорындарға орналасады", дейді жоғары агротехникалық колледжінің оқытушысы Данияр Аққошқаров.

Оқу ғимаратының бүгінде бірінші қабаты толығымен күрделі жөндеуден өтіп, қайта жабдықталуда. Жаңадан жеткізілетін қондырғылар да осы жерге орналастырылмақ.