Екінші дүниежүзілік соғыста етігімен қан кешкен ерлер аз емес. Сондықтан елім, жерім деп жан алысып, жан беріскен жандарды бүгінгі ұрпақ білуге, қадірлеп, құрметтеуге тиіс. Олар Отанын, туған жерін қорғау үшін қару асынып, шыбын жанын шүберекке түйіп майдан даласына аттанды. Жау жасағы бұлттай түнеріп, оқ қардай бораған сол өрт пен оттың ортасында біздің әкеміз Жаннат Бекқожин де болған еді.

Фашист басқыншыларымен шайқасқан әкеміздің соғыстағы ерлігі мен бейбіт күндердегі еткен еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық. Ол ашаршылықты да, саяси қуғын-сүргін мен алапат соғысты да көрді. Қиындықтың өтеуі ретінде, құдайға шүкір, тәу етер тәуелсіздікті де көріп үлгерді. Өткен ғасырдың өкініші мен қуанышын елімен бірге бастан кешті.
Бүгінгі ұрпақ үшін ХХ ғасырдың азабы мен тозағы көрген түс, айтқан аңыздай көрінеді. Расымен солай ма еді? Жоқ. Сол қасіретті жылдарды жүріп өткен Жаннат әкеміздің өмір соқпағына қарап-ақ ойға батамыз. Ол сонау 1922 жылы бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілдер ауданының Алқатерек ауылында кіндігі кесіліп, түндігі түрілген жан.
Кейін қанаты қатайып, буыны бекіген бозбала азамат жасы жиырмадан асар-аспасында қару асынады деп кім ойлаған? 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Кавалериялық әскер құрамында жан алысып, жан берісіп небір ауыр шайқасқа қатысты. Алайда соғыс бір емес, бірнеше жылға созылғанын да жақсы білеміз. Сол сұрапылдан кім дін-аман оралды дейсіз? Біреуі қолынан, біреуі аяғынан айырылған аяр кезең ғой. Сол қиындық әкемізді де айналып өтпеді. Майдан даласына шақырылған соң араға үш жыл салып, 1944 жылы 13 қазанда Украинаның Харьков облысына қарасты Борщ ауылында Жаннат әкеміз ауыр жараланады. Қардай бораған қалың оқтың бірі әкеміздің бетіне тиіп, мұрнының жартысын жұлып алыпты. Бірақ қайтпас қайсар жауынгер алған жарақатына қарамастан шайқас алаңынан кетуден бас тартып, бұйрықты аяғына дейін орындапты. Қансыраған қалпы Днепр өзенін жалдап өтіп, жаудың әскерін тас-талқан етуге қатысқан.
Осындай кескілескен айқастар бірінен соң бірі жалғасады. Әкеміз табандылық танытып, Украина, Беларусь майдандарында орын алған ауыр шайқастарға қатысып, жау әскеріне тойтарыс береді. Кейін, Свердловск қаласында госпитальде бір жыл ем қабылдап, оқ тиген мұрнына ет жаматыпты.
«Ер жігіт елі үшін туады» деген бар. Қазақ даласынан аттанған арыстан азамат қолына қару алып, жарты Еуропаны шарлады. Берлинде жеңіс туын желбіретіп, еліне бір-ақ оралды. Майданда көрсеткен ерен ерлігі ескерусіз қалған да жоқ. І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен, 1944 жылы наурызда «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1944 жылы қыркүйекте «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.
Соғыс аяқталған соң әкеміз де туған топырағына оралып, Сапиян анамызбен отау құрып, туған ауылында ұзақ жыл бойы есепші, қойма меңгерушісі болып еңбек етті. Анамыз Сапиян Қасенқызы соғыс жылдарында трактор айдап, ел ырысын еселеген жан. Әкемізбен бірге қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай 14 баланы өсіріп-жеткізді. «Батыр Ана» атанды. Анамызды қазақ әйеліне тән қасиетімен, отбасын аялайтын ізгі мінезімен ерекшеленді. Дүние-пұл аз кезеңде жоқтан бар жасап, тігін тігіп, гүлдей жайқалып өсіп келе жатқан алты қызының көйлегін көктеп, құлпыртып қоюшы еді.
Жиырмасыншы ғасырдың аса ауыр кезеңдерін бастан өткерген, небір зобалаң жылдардан аман қалған Жаннат әкеміз 1993 жылы өмірден озды. Ал, барша баласына жаны жапырақ болып жүретін асыл анамыз Сапиян Қасенқызы 2010 жылы қараша айында дүние салды. Соңдарында асылдарын жоқтап балалары, немере-жиендері қалды. Бүгінде олардың өзі еліне еңбек етіп, ауыз толтырып айтуға тұрарлық азаматтарға айналған жайы бар. Әке ерлігі мен ана тағылымы кейінгі буынға тағылымды өнеге екені анық.
Ұрқия Бекқожина,
зейнеткер
Электронды сауда-саттық қайтсе дамиды?
Экономика • Кеше
Мемлекеттік қызметте әйелдердің үлесі қанша?
Қоғам • Кеше
Пандемия гүл нарығына әсер етті
Қазақстан • Кеше
Қаржы • Кеше
Қостанайлық полицей сыныптасын атып өлтірді
Аймақтар • Кеше
400 мыңнан астам ақмолалық электронды-цифрлық қолтаңба алды
Аймақтар • Кеше
Қаржы • Кеше
Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
Алтай Көлгінов әйелдер күні мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Атырауда базарлар мен сауда үйлері күн сайын жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
Низами Ганжәуиге арналған веб-конференция өтеді
Қазақстан • Кеше
Президенттің таңғы серуендегі фотосы жарияланды
Президент • Кеше
Қызылордада Қажымұқан турнирі өтті
Спорт • Кеше
Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Нұрлан Нығматулин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Қостанайда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылады
Аймақтар • Кеше
«Маттео Пеликоне»: Қазақстан үш алтын жеңіп алды
Күрес • Кеше
Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда 480 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин қазақстандық әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады
Президент • Кеше
10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қостанай облысының әкімі 100 жастан асқан әжелерді құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай аймақтарында жолдар ашылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жапония халқы Олимпиаданың өтуіне қарсы шеруге шықты
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды құттықтады
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналардың 5 қабаттан құлағаны рас па?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
АҚШ-та COVID-19-қа қарсы 2,9 миллион вакцина салынды
Әлем • 07 Наурыз, 2021
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • 07 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • 07 Наурыз, 2021
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • 07 Наурыз, 2021
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • 07 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Экология министрлігі Қарағандыдағы арыстан жөнінде пікір білдірді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Елорданың Достық үйінде 8 наурызға орай қайырымдылық акциясы өтті
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Спорт • 06 Наурыз, 2021
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • 06 Наурыз, 2021
Қазақстан мен Қырғызстан «Қордай», «Ақ жол» өткізу бекеттерінің ашылуын талқылады
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • 06 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар