Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
Осыған орай, 17 маусымнан 10 шілдеге дейін бұл учаскедегі көлік қозғалысы жартылай жабылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек", - делінген хабарламада.