17 Маусым, 2020

Аягөздегі қатты дауылдан 7 адам жарақат алды

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

72 тұрғын үй және 19 көпқабатты үй, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шекті.

Аягөздегі қатты дауылдан 7 адам жарақат алды

Кеше Аягөз ауданында жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен екпінді жел соғып, аудан орталығы – Аягөз қаласындағы көптеген ғимараттар зардап шеккен болатын.

ф

Жаңа облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің фейсбуктегі парақшасында бүгін Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады.

к

«Орынбасарым Б.Баяхметов бастаған арнайы комиссия жолға шықты. Оқиға орнында барлық коммуналдық және апаттық қызметтер жұмыс жүргізуде. Қалпына келтіру жұмыстарын бір апта ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінеді. Алдын ала деректер бойынша төтенше жағдай салдарынан 72 тұрғын үй және 19 көпқабатты үй, сондай-ақ 8 әкімшілік ғимарат зардап шекті. Ағаштар мен бұтақтардың құлауы салдарынан электр желілері үзілді. Нәтижесінде 3679 абонент электр жарығынсыз қалды. Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен жарықты қосып жатыр. ШҚ ӨЭК-ның 5 апаттық бригадасы жақын арада қалған 700 абонентте жұмысты аяқтауы тиіс. Сондай-ақ, қалалық ауруханаға түрлі дәрежедегі жарақаттармен 7 адам шағымданған. Қазір жағдайлары тұрақты, стационарда бір науқас жатыр» деп жазды аймақ басшысы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, дауылдан зардап шеккен әкімшілік ғимараттардың 4-уі мектеп, біреуі балабақша және аудандық орталық аурухана. 

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы