Аймақтар • 17 Маусым, 2020

Атырауда «Ембімұнайгаздың» 136 адамынан коронавирус анықталды

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Компанияның қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, маусымға дейін "Ембімұнайгаз" АҚ-да 3 жұмысшыдан қауіпті індет жұмысқа шығар алдындағы міндетті скринингтен өту  кезінде анықталыпты, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда «Ембімұнайгаздың»  136 адамынан коронавирус анықталды

"Маусымның басынан бері Жылыой ауданындағы Терең-Өзек, Қисымбай, Қызылқоға ауданындағы Кенбай кен орындарында  "Ембімұнайгаздың" 62 және мердігер компаниялардың 55 қызметкерінде COVID-19 анықталды. Бұған қоса,  міндетті скрининг кезінде "Ембімұнайгаздың"  19 жұмысшысынан вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Барлық жұмысшылар қажетті ем алу үшін Құлсары және Атырау қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларына жатқызылды. Симптомсыз ауырып жатқан жұмысшылар отбасының өзге мүшелерінен  оқшауланып, үй карантиніне орналастырылды. Ал, үйде  оқшаулау талаптарын сақтауға мүмкіндігі жоқ адамдар Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы арнайы жабдықталған үйлерге карантинге жатқызылды. ПТР тесттері теріс нәтиже көрсеткен жұмысшылар жұмыс орындарында бақылауға алынды"-деп хабарлады компанияның қоғаммен байланыс қызметі.  

Қазір "Жылыоймұнайгаз", "Қайнармұнайгаз" басқармаларының, сондай-ақ, аталған өндірістік бөлімшелерде жұмыс істейтін "Ембімұнайэнерго" басқармасының қызметкерлері үшін жұмыс вахтасының мерзімі 14-тен 28 күнге дейін ұзартылып отыр. Вахталық жұмысқа жіберілетін "Ембімұнайгаздың" және мердігер мекемелердің барлық жұмысшысы ПТР-тесттен кейін вирус жұқтыруды болдырмау мақсатында 5 күндік карантинге жатқызылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орталық аппараттың бір бөлігі қашықтан  жұмыс істеу режиміне көшірілді.  Ал, қызметкерлердің бас кеңсе ғимаратында болу уақыты түскі үзіліссіз сағат 15.00-ге дейін қысқартылды.