Елбасы • 18 Маусым, 2020

Сенат Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Сенат Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі

"Өкінішке қарай, коронавирус індетін Тұңғыш Президентіміз – Елбасы да жұқтырып алды. Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Елбасымыз үнемі саламатты өмір салтын ұстанып, барша халыққа соны дәріптеп жүретіні белгілі. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз бұл сынақты оңай еңсереді деп сенеміз", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.