Қоғам • 20 Маусым, 2020

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев IHS Markit Ltd ғаламдық ақпараттық провайдерінің өкілдерімен Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту мәселелерін талқылады. Кездесу бейнеконференция арқылы өтті, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту мәселелері талқыланды

Тараптар қазақстандық мұнай-газ саласын қарқынды түрде дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.

IHS Markit Министрлікке Қазақстанның геологиялық барлау жұмыстарына, атап айтқанда, аз зерттелген мұнай-газ бассейндеріне инвестициялар тартуға қалай көмектесе алатындығы туралы мәселе көтерілді.

Компания өкілдері Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады және ведомствоның инвестициялық тартымдылығын арттыруға деген ұмтылысына оң баға берді.

Отырыс нәтижесінде нақты ұсыныстар мен кезең-кезеңмен жасалатын іс-шаралар міндеті болып табылатын жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Брекешев, Геология комитетінің төрағасы А. Надырбаев, Қазақстан мұнайшы геологтары қоғамының президенті Б. Қуандықов қатысты.

IHS Markit тарапынан атқарушы директор, кеңесші Джон Стэки, вице-президент, Өнідіріс пен барлау жөніндегі стратегия бөлімінің басшысы Боб Фриклунд, атқарушы директор Джим Томас және тағы басқалар қатысты.