Бұл жұмыс қаланың барлық аудандарында жүргізілуде. Мысалы, Түрксіб ауданында адамдар көп жиналатын орындарда белгіленген шектеу шараларының сақталуын бақылау үшін полицияның жаяу патрульдік қызметінің 11 тобы ұйымдастырылды.
Азаматтардың жаппай жиналатын орындарын: саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, сауда-ойын-сауық орталықтарының маңайларын және т.б. патрульдеуге баса назар аударылуда. Сонымен қатар, халықпен түсіндіру жұмыстары жанданды. Қала тұрғындарына санитарлық және гигиеналық нормаларды қатаң ұстануды, міндетті түрде медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтықты ұмытпауды ұсынады.