Аймақтар • 21 Маусым, 2020

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері марапатталды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі  Төтенше жағдайлар департаменті осы қызметке қарасты "Апаттар медицинасы орталығы" ММ  облысы бойынша филиалының қызметкерлері  жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері мен фельдшері Серік Түсіпов пен Кира Барановскаяға құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері марапатталды

Суретті түсірген: Ербол Темір

Департамент бастығының міндетін атқарушы Самат Асайынов қос маманға  Алғыс хаттар табыс етті. Ал жедел медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері Серік Түсіповтің жедел жәрдем  саласында 37 жыл  қызмет етіп келеді.

\Апаттар медицинасы орталығындағы  Жедел әрекет ету бригадасының дәрігері ретінде ол 700-ге жуық шақыруға барып, 1000-ға жуық адамға медициналық көмек көрсеткен.

Ал,осы бөлімнің фельдшері Кира Барановская  дамедицина саласында 35 жыл қызмет етеді. Қазір "Апаттар медициналық орталығында" бұған дейін облыс орталығындағы жедел медициналық көмек бригадасында қызмет еткен.

Кира Барановская – жоғары санатты фельдшер. Орталықтың басшылығы оны жауапты әрі еңбекқор маман ретінде бағалайды.      .

Павлодар облысы