«Халық бақылаушылары» ретінде кәсіпорындарға мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде жалпы аурулар бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарды тартады. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен олар өндірістегі барлық қауіпсіздік ережелерінің бұзылуын ауысым бойынша қадағалайды. Бұл қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдауға, ал жұмыс берушілер үшін мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша квотаны пайдалануға мүмкіндік береді.
Өңірлер бөлінісінде «Халықтық бақылау» жобасына Шымкент қаласында 12 кәсіпорын, Маңғыстау облысында 7 кәсіпорын, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында 5 кәсіпорыннан, Павлодар облысында 4, Қызылорда облысында 2 және Қостанай облысында
1 кәсіпорын қосылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Халықтық бақылау» жобасы 2019 жылғы мамыр айында Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына барған кезде «Қазхром» ТҰК» АҚ ферроқорытпа зауытында таныстырылды. Кездесу қорытындысы бойынша Президент аталған жобаны еліміздің басқа да кәсіпорындарына енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.