Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Алматының Бас дәрігері коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

187 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырды, - деп жазады Egemen.kz

Алматының Бас дәрігері коронавирусқа қарсы антиденеге қан тапсырды

Камалжан Надыровтың айтуынша, Алматыда індет жұқтыру жалғасуда, сондай-ақ коронавирустың ауыр түрімен ауыратын науқастар саны да артты.

"Бүгін мен коронавирусы бар ауыр науқастарды емдеу үшін қолданылатын плазманы тапсырдым, – деді Алматы қалалық басқарма басшысы, – Өздеріңіз білетіндей, мен осы инфекциямен ауырдым және менің плазмам аурудың ауыр түрімен ауыратын пациенттерді емдеуге көмектеседі деп ойлаймын. Жұқтырғандар үшін қолданылатын бұл әдіс тірі вакцинаның әсеріне ие және көпшілікке сауығып кетулеріне көмектеседі. Донор болу – әрбір адамның парызы. Қазіргі уақытта Алматыда 2 мыңнан астам адам емдеуден жазылып шықты. Мен әрбір ауырып жазылған адамды Covid-19 антиденесіне қан тапсыруға шақырамын, осылайша коронавирустан емделіп жатқан көптеген адамдарға, ең алдымен ауыр жағдайдағы науқасқа көмектесуге болады. Процедура ауыртпалықсыз және қауіпсіз өтеді. Дәл қазіргі жағдайда – вируспен күрес жағдайында барлығымыз бірігуіміз керек. Мемлекет жұқпалы аурумен күресуде үлкен көмек көрсетуде. Біз барлық қиындықтарды лайықты түрде жеңе аламыз деп сенемін.

Қазақстанда коронавируспен ауырғандардың антиденелерін алу процесі басталғанын айта кеткен жөн. Бұл процедураны қалаушылар Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткізе алады.

Республикалық қан орталығының директоры Дилявер Бекировтың айтуынша, бір ай ішінде 24 адам плазма тапсыруға өтініш білдірген, бірақ тек үшеуі ғана донор болды, себебі оларда COVID-19 антиденелердің жоғары титрі анықталған. Камалжан Талғатұлы барлық белгілер бойынша донор ретінде сәйкес келді, өйткені оның ағзасында антиденелердің жоғары титрі анықталды.

Плазмаферез (плазма дайындау) процедурасы барысында бір донордан 600 мл плазма алады, жұқтырған адам үшін 200 мл жеткілікті. Плазманың мұндай көлемін алу ғылыми негізделген болып табылады және донорға ешқандай зиян келтірмейді.

Бұл плазманың әсері пассивті иммундауға негізделген, яғни дайын антиденелер қанға ауыстырылады және осылайша пациенттің вирустарын бейтараптандырады.

Қазіргі уақытта дәрігерлер қолданатын барлық препараттар – бактерияға қарсы немесе қабынуға қарсы тек жанама сипатқа ие екендігін естеріңізге саламыз. Сондықтан да, емдеудің басқа әдістерін қолдану қажет болады.

Емдеудің бұл әдісін қолдану жай-күйі ауыр науқастардың санын азайтуға көмектеседі деп үміттенеміз.