Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Алматыда жағдайы ауыр науқастар көбейіп жатыр - Бас дәрігер

832 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров онлайн брифингте қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы жан-жақты баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді, - деп жазады Egemen.kz

Алматыда жағдайы ауыр науқастар көбейіп жатыр - Бас дәрігер

Эпидемия басталғалы бері Алматыда жалпы 3429 жағдай тіркелді. 2177 адам сауығып, емдеуден шығарылды. 20 пациент қайтыс болды. Бүгінгі күні қала стационарларында 1388 пациент емделіп жатыр. Науқастардың жағдайына келер болсақ, 20 адамның жағдайы өте ауыр, 150 адамның халі нашар, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық.

"Біз жағдайы ауыр пациенттер санының көбею себебін талдап, бұл қант диабеті, АГ, ЖИА және басқа дақосымша аурулары бар пациенттер санының көбеюімен байланысты деген қорытындыға келдік. Сондай-ақ, аурудың ауырлығы мен пациенттердің жасы арасындағы байланыс анық байқалады, яғни жай-күйі ауыр және өте ауыр пациенттер арасында 80%-дан астамын 60 жастан асқан адамдар құрайды. Аурушаңдықты талдау 20-29 жас аралығындағы жастардың ең жиі жұқтыратынын көрсетеді – 35% жұқтырғандар, 60 жастан асқан адамдар – 8,8%", дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.

Жалпы динамикада жағдайы ауыр және өте ауыр дәрежедегі пациенттердің көбеюі байқалады.

Камалжан Надыров стационарлық деңгейдегі жұмыстарға қатысты: "Маусым айының басынан бері стационарларға жалпы 2132 пациент келіп түсті, 646 адам емдеуден шығарылды, тестілеудің теріс нәтижесін әлі алмаған, бірақ емделуде тұрақты, оң өзгеріс байқалатын және қанағаттанарлық жағдайдағы 494 адам амбулаториялық емдеуге ауыстырылды", деді.

Бүгінгі күні ӨЖЖ аппаратына 10, өкпенің инвазивті емес жасанды желдетуде – 16 пациент қосылып жатыр, бос аппарат – 23.

 

 

 

АЛМАТЫ