Аймақтар • 23 Маусым, 2020

Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн.  25 мың шаршы метр немесе 9700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд. теңге инвестиция бағытталған, деп жазады Egemen.kz

Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады

Бүгінде облыс бойынша 1 547 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде – 931 жеке үй.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 21,1 млрд теңге бөлініп, 49 жоба іске асырылады.  Осылайша, 2 439 жұмыс орнын құру көзделген.

Ақтөбе облысында биыл 65 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй және кредиттік тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл – 1 142 пәтер. Аталмыш екі бағыттағы жұмысты іске асыру үшін 1800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ.

Бұдан басқа, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2% несие берілетін "Бақытты отбасы" бағдарламасын жүзеге асыруға ағымдағы жылы республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 302 тұрғын үй қарызына 3 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған 24 жобаны іске асыру үшін 7,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл ретте 661 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.