Бүгінгі таңда "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласынағы 389 жобаны қаржыландыруға 16 миллиард 965,8 миллион теңге қаржы қарастырылған. Сонымен қатар, қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артады. Нәтижесінде, азаматтар 405 тұрақты және 5666 уақытша жұмыс орнымен қамтылады, - деп жазады Egemen.kz

Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, Тараз қаласы бойынша жұмыс басталып та кетті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 миллиард 231,2 миллион теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған. Оның ішінде облыстық басқармалардан өтетін нысандар 4 742,8 миллион теңге болатын 23 жоба, ал қала арқылы өтетін нысандар 9 миллиард 488,4 миллион теңге болатын 324 жоба бар.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы қаладағы бірқатар мәселені шешеді. Тараз қалалық әкімдігінің мәліметі бойынша, бүгінде шаһардағы 163 көпқабатты үйдің алдындағы аулаларға, 96 көше мен 4 көшенің жолдары мен тротуарларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. "Жол салу, саябақтарды абаттандыру сияқты жұмыстардың барлығы осы бағдарлама арқылы бөлінген қаражатпен жасалуда. Биыл біз қаржы көзін тауып, қаладағы мектептердің сыртта орналасқан дәретханаларын ішке орнатуды жоспарлаған едік. Енді "Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 7 мектептің ішіне дәретхана салуға қаржы бөлініп, оның да жұмыстары басталды. Сондай-ақ, қалада 6 бірдей білім нысанында құрылыс жұмыстары бір мезетте басталды. Транспорттық инфрақұрылым бойынша жалпы 92,5 шақырымды құрайтын 100 көшені орташа жөндеуге 3 миллиард 334,3 миллион теңге бөлінсе, қала көшелерінің шұңқырларын қалыпқа келтіру жұмыстарына қала бюджетінен 200,0 миллион теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа алқапта ішкікварталдық автомобиль жолдарының құрылысы мен "Бурыл А, Б, В" тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары ағымдағы жылы жалғасын табатын болады", дейді Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев.
Сонымен қатар, биылғы жылы қала көшелерінің сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 50,0 миллион теңге қаржы қарастырылған. Алматы қаласының "Altocom Asia" ЖШС-нің ұсынысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде "Ақылды көше жарығы» жобасы аясында Тараз қаласының сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғыртуға үшжақты келісімшарт жасалған. Алайда коронавирус індетінің салдарынан Алматы қаласынан тауарларды жеткізуге шектеу қойылып, мүмкіндік болмағандықтан, жоба бойынша жұмыстар басталған жоқ. Жоба негізінде қаланың 158 көшесіне сыртқы жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, қала бойынша 14131 дана шамшырақ ауыстырылатын болады. Тараз қаласы көшелерінің бойындағы бағаналардан ескі жарық шамдары жинақталып, жинақталған шамдардың жарамдылары кәдеге жаратуға жіберіледі. Бұдан өзге, қаладағы Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы 6 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу, 6 тұрғын үйдің инженерлік желілерін жөндеу, аталған алқаптағы жеке тұрғын үйлерді электрмен қамтамасыз ету, «Даңқ» аллеясын абаттандыру, "Әуежай" аумағындағы дренаж желісін жөндеу, аула алаңдарын абаттандыру, Қонаев және Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы скверді абаттандыру және жалпы ұзындығы 41,1 шақырымды құрайтын 35 көшені орташа жөндеу, Тараз қаласындағы құбыр өткелдерін және лотокты арық жүйелерін қалпына келтіру сияқты жалпы 55 нысанның жұмыстары басталған. Басталған жұмыстарда жалпы 625 жұмыс орны ашылып, оның ішінде «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесі арқылы жалпы 264 адам жолданған. Алдағы уақытта "Тектұрмас" тарихи-мәдени кешенінің құрылысын жалғастыру және "Әулиеата" ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстары қолға алынып, магистралдық-коммуникациялар желісі және "Оқушылар сарайыны" құрылысы жүргізілетін болады. Бүгінде "Тектұрмас" этнотарихи кешенін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталып кетті. Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, кешен шекарасы кірпіштермен қаланған қабырғамен қоршалатын болады. Ондағы бақылау алаңдары мен қамал аллеямен жалғасып, бұл жерге облыстың тарихи нысандары мен жәдігерлердің макеттері орналасады. Бекініс пен бақылау алаңдарының арасында ұзындығы 15-20 метр болатын панорамалық панель жобаға енген. Мұнда ел тәуелсіздігі тарихындағы маңызды оқиға – Атлах және Аңырақай шайқастары туралы құнды дүниелер көрініс табады. Бұдан бөлек, жағалау, тоған және жасанды сарқырама салу да көзделіп отыр. Тағы бір үлкен жоба – "Қарасу" алқабында "Денсаулық" саябағы бой көтереді. Саябақта бірнеше спорт алаңдары, велосипед жолағы және workout алаңшалары ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Тараз қаласында бой көтеретін "Анаға тағзым" ерекше ғимараты да көне шаһардың көрікті жерлерінің біріне айналады. Қазіргі таңда аналардың құрметіне арналған ескерткіштің макеті әзірленуде. Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш маңында этноауыл пайда болады. Жуырда "Арбат-3" жаяу жүргіншілер аллеясының құрылыс жұмыстары аяқталып, бірегей сәндік элементтер мен жарықтармен безендірілген аллея Тараз қаласының көрікті жерлерінің біріне айналады.
Жамбыл облысы
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар