Тағайындау • 24 Маусым, 2020

Казақстан Азаматтық альянсының президенті сайланды

996 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Азаматтық Альянсы Кеңесінің кезектен тыс отырысы эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша Салтанат Темірқұлқызы Рахимбекова Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті етіп сайлау туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Казақстан Азаматтық альянсының президенті сайланды

Салтанат Рахимбекова 1965 жылы 18 ақпанда дүниеге келді, жасыл экономика және экология саласындағы белгілі қоғам қайраткері, бірқатар үкіметтік емес ұйымның - G-Global жасыл экономика және даму коалициясы, EXPO&Women халықаралық ұйымы, Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының негізін қалаушы және жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі жөніндегі Кеңестің мүшесі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

"Құрмет" орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасының бес мерейтойлық медалімен марапатталған.