Парламент Сенаты Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауларының қорытындысын жариялады. Оған республикалық және өңірлік телеарналардың, мерзімді басылымдардың тілшілері, блогерлер мен телеграмм-арналардың авторлары қатысқан болатын. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысушылар мен жеңімпаздарға Палатаның заң шығару қызметін дәріптегені және еліміздің күн тәртібіндегі мәселелерді ақпараттық тұрғыда ілгерілетудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдірді.
"Былтыр Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде журналистердің кәсіби мерекесі – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні ресми түрде бекітілді. Бұл қадам түрлі оқиғалар мен елімізде қолға алынған реформалар туралы халыққа шынайы және жедел хабар тарататын мамандарға деген құрметтің белгісі. Қазіргі күрделі уақытта журналистер дәрігерлермен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар қауіп-қатерге қарамастан азаматтардың дәлелді әрі дәйекті ақпарат алуы үшін аянбай жұмыс істеуде. Отандық журналистердің қызметі әрдайым жоғары бағаға лайық", деді Мәулен Әшімбаев.
Сондай-ақ, Сенат Төрағасы "Аманат" және "Туған ел" байқауларына ұсынылған еңбектердің кәсіби деңгейде дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, сессия барысындағы заң шығару қызметі, сенаторлардың сауалдары мен көптеген парламенттік шаралар мазмұнды телевизиялық сюжеттерге, жан-жақты сараптамалық мақалаларға, репортерлік зерттеулер жасауға арқау болған.
Байқауға келіп түскен материалдарды сараптау комиссиялары мұқият талдап, өз бағаларын берді. Комиссия құрамына Сенат депутаттары, белгілі жазушылар мен журналистер енгенін айта кеткен жөн. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерден бөлек, бірнеше арнайы марапаттар да тағайындалды.
"АМАНАТ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ:
Гран-при – Оңғар Тоқанов, "Qazaqstan" телеарнасының тілшісі.
Бірінші орын – Жадыра Жолмұхаметова, "Информбюро" ақпарат агенттігінің тілшісі.
Екінші орын – Лаура Түсіпбекова, "Казахстанская правда" газетінің тілшісі.
Үшінші орын – Татьяна Ковалева, "Zakon.kz" порталының тілшісі.
"ТУҒАН ЕЛ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ:
Гран-при – Азамат Қасымов, "Egemen Qazaqstan" газетінің тілшісі.
Бірінші орын – "Еуразия" бірінші арнасының "Сенат online" тележобасының ұжымы.
Екінші орын – Мирлан Алтынбек, "Хабар 24" агенттігінің тілшісі.
Үшінші орын – Әмірболат Хусаян, "Azattyq Ruhy" ақпарат агенттігінің тілшісі.
Байқау комиссиясының шешімімен блогерлерге, танымал жарияланымдардың авторлары мен ерекше ақпараттық материалдарға арнайы марапаттар тағайындалды. Олардың қатарында:
– Ғазиз Әбішев – Abishev Analytics телеграм-арнасының авторы;
– Иван Сухоруков пен Роман Павлов – "Tengrinews" интернет-ресурсының журналисі және бейне-инженері;
– Ұлпан Бегалина – "Atameken business" арнасының тілшісі;
– Айхан Шәріпов – "AIQYN" газетінің тілшісі;
– Сырым Итқұлов – "Hola news" шеф-редакторы;
– "Ainews" және "Aitube.kz" интернет жобаларының ұжымдары бар.
Ұйымдастырушылар байқауға белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіреді. Осы ретте COVID-19 індетінің таралу қаупі сейілмеуіне байланысты журналистермен дәстүрлі кездесу және лауреаттарды марапаттау рәсімін 2020 жылдың күзіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар