10 Қазан, 2013

КХДР Қытай аумағына зымыран базасын салуда

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 10-Raketnaya Baza KNDRКорей Халық Демократиялық Республикасы Қытай елімен шекаралас жатқан Пэктусан тауы маңына зымыран базасын салуды қолға алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Белгілі болғандай, бұл базаның құрылысы 2000 жылдың ортасында басталып, қазір аяқталу үстінде.

«Ол жерге бірнеше зымыран шахталары салынған. Негізі, бұл шахталардың бір бөлігі ғана қосымша қызмет атқаруы мүмкін», – деп жазады Солтүстік Корея үкіметіндегі ақпарат көзі.

Зымыран базасын салуға Пэктусан тауының маңы таңдалуы жайдан-жай емес. Өйткені, даулы мәселе туындай қалған жағдайда, алдымен Қытай елінің қауіпсіздігі ескерілетін болады.

Айдар Өрісбаев.