"Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Жаһандық тұрақсыздық жағдайында, оның ішінде, пандемияға қарсы күресте сіздердің қызметтеріңіздің маңызы зор", дейді ел Президенті.
Сондай-ақ ел Президенті БАҚ өкілдеріне қоғамды жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
"Сіздерге табыс және бақ-береке тілеймін! ", дейді Мемлекет басшысы.