10 Қазан, 2013

Елбасы Әзербайжан басшысын президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

nursultan nazarbaev-1

Бүгін, 10 қазан күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына орай Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевтің ел Президенті лауазымындағы қызметі Әзербайжанды одан әрі жан-жақты дамытуға және гүлдендіруге мүмкіндік беретініне сенім білдірген.

«Достық пен өзара құрмет дәстүрлеріне негізделген Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясы алдағы уақытта да кеңейіп, халықтарымыздың игілігі жолында нығая түсетін болады», - деп атап өткен Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті соңында И.Әлиевке зор денсаулық, қызметінде жаңа биіктер, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.