10 Қазан, 2013

Ғани Қасымов Сенатқа қайтып келді

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 10-Denytat«Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы» басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің бұйрығымен Ғани Қасымов ұлттық палатаның Парламент Сенатындағы өкілі қызметіне, ал Аманжан Жамалов Мәжілістегі өкілі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Естеріңізде болса, Ғ. Қасымов 2007 жылдың 28 тамызынан бастап биылғы жылдың 26 тамызына дейін Парламент Сенатының депутаты болған еді. Енді арада санаулы уақыт өткенде оған тағы да сенім артылып отыр.