11 Қазан, 2013

Қашқын олигархтың Қазақстанға берешегі тағы 250 млн. доллардың екі активіне өсті

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяу күндерде қашқын олигарх, БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің құны 250 млн. доллар тұратын екі активі Қазақстанға қайтарылатыны белгілі болды. Бұл республика құқық қорғау органдарының украиналық бизнесмен Сергей Тищенконы іске қосуы арқасында мүмкін болған сияқты.

 

Таяу күндерде қашқын олигарх, БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің құны 250 млн. доллар тұратын екі активі Қазақстанға қайтарылатыны белгілі болды. Бұл республика құқық қорғау органдарының украиналық бизнесмен Сергей Тищенконы іске қосуы арқасында мүмкін болған сияқты.

«Ресейде С.Тищенко негізін қалаған «Фактор» компаниясының тобы қазақ құқық қорғау органдарымен бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде Мұхтар Әбіләзовтің жалпы құны 250 млн. долларға бағаланып отырған «Толмачево логопаркі» ЖАҚ мен «Пышма» ЖШҚ активтерін бақылауға алды», – делінген «Фактор» компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

2007 жылы «Еуразия логис­тик» бастамасымен құрылған «Тол­мачево логопаркі» ЖАҚ 2007 жылы «Еуразия логистик» бірлесуімен Новосібірдегі Толма­чев әуежайының жанынан аумағы 806 мың шаршы метрді құрайтын ірі индустриалды парк құрылысын бастау үшін құрылған болатын.

Осылайша, «Толмачево лого­паркі» экономиканың әртүрлі секторларындағы «А» класына жататын компанияларға сапалы қойма алаңдарын жалға береді. «Пышма» ЖШҚ (Екатеринбург) – оның Оралдағы ірі қойма жобасы. Жалпы аумағы 280 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда 190 мың шаршы метрден астам қойма алаңдары пайдалануға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, 6 млрд. долларды жымқырып кетті деген айып тағылған БТА банк директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзов үстіміздегі жылғы 31 шілде күні Францияның түстік беткейіндегі Канн қаласында қолға түскен болатын. Сол уақыттардан бері оны ЭКС-ан-Прованса соты Украина мен Қазақстанның біріне экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр. Ал біздің елімізде қашқын олигархты 13 жылдық түрмеде отыру жазасы күтіп тұр.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше