Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов республикамыздың оңтүстік өңірлеріндегі шекара шептерінде болып, ондағы әскери-қызметтің ұйымдастырылуымен, жаңа типтегі застава құрылыстарының салыну барысымен танысты. Инспекторлық қадағалауға осы аумақта орналасқан Қарасай, Қордай, Сарыағаш және Жетісай шекара отрядтарының нысандары ілікті. Сапар барысында әрбір нысанға нақтылай баға беріліп, олардың жақсы жақтарымен қатар, кемшіліктері де айтылды.

Шекара басшысы бұл қадағалауын Қарасай шекара отрядына қарасты «Бұрған» заставасының құрылыс алаңынан бастады. Құрылыстың әрбір нысаны, олардың мерзімінде орындалуы басты назарға алынды. Кемшіліктері бар болғанымен бұл құрылыстың жүргізілуіне шекара басшысы қанағаттанарлық бағасын берді.
Бұдан кейін басшылық Қордай шекара отрядына қарасты «Сортөбе» заставасына атбасын тіреді. Мұндағы кешендік нысанның жұмыстары негізінен аяқталған, тек ішкі әрлеу, жиһаздар мен жабдықтар қою секілді жұмыстары ғана қалыпты.
Бұл заставаның құрылысы қанағаттанарлық, мұнда мердігерлер белгілінген кестемен жұмыс атқаруда, сапасы да белгіленген стандартқа сәйкес келеді. Тараз қаласының «Промхиммонтаж» мердігерлік АҚ-ты тиянақты құрылыс ұйымы ретінде атап өту керек, бұлармен ертеңгі күні де жұмыс істеуге болады, – деді шекара басшысы ризашылығын білдіріп.
Әскери тікұшақтың келесі табан тіреген жері «Өтеген» заставасы болды. Мұндағы құрылыс жұмыстарына қатысты көптеген мәселелердің қордаланып қалғандығы байқалды. Застава аумағының жайландырылуы, жатақхана, казарма және спорт залдары ғимараттарының кемшіліктері баса айтылды. Генерал-лейтенант Н.Жоламанов шымкенттік «Жалғасқұрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысына сапасыз жұмыстары бойынша өзінің сын ескертпелерін айтып, кемшіліктерін түзетуге уақыт белгіледі.
Ал «Қазығұрт» заставасының кешендік нысандары директор бастаған шекарашылар тобын өзінің ұқыптылығымен разы етті. Жалпы айтқанда, нысан белгіленген кесте бойынша соғылуда, оның сапалылығына да ешкімнің таласы болмады. Шекара басшысы құрылыс жұмыстарын ойдағыдай атқарғаны үшін «Азат и Ко» ЖШС басшылығына алғысын білдірді.
Сөйтіп, құрылыс нысандарына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырған «Оңтүстік» өңірлік басқармасының және шекара отрядтарының офицерлері де ақшалай сыйақымен марапатталды.
«Егемен-ақпарат.