11 Қазан, 2013

Құрбан айт ұлттық нақышпен өтеді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Құрбан айт мерекесіне қызу дайындық жүргізу. Айт күндері мешіт аулаларына арнайы дастарқан жайылып, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен, мәселен, балуандар күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеруден жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, тәлім мен тағылымы мол айтыс өнеріне де мән берілмек.

«Мұсылмандардың ұлық мерекесі әрі мем­лекеттік мейрам – Құрбан айтты жоғары деңгейде өткізу үшін мешіттер мен арнайы орындарда баннерлер, плакаттар ілінсін; ұлағатты ұр­пақ, иманды жастар буынын қалыптастыру үшін ғибратты кештер, ме­рекелік ойын-суықтар, арнайы қайырымдылық акция­лар ұйымдастырылсын; құрбандық еті мүгедектер, қарттар, жетім мен жесі­рлерге, мұқтаж жандармен қатар жатақханада тұратын студенттерге де таратылсын; мерекелік іс-шаралар ұлттық нақышпен өткізілсін, уағыздарда ел бірлігі, мұсылмандар ынтымағы, діни тұрақ­тылық мәселелері қам­тылсын», – делінген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аймақтағы өкіл имамдарға жолдаған бұйрық-хатында.

Биыл елімізде Құрбан айт мерекесі 15 қазанда аталып өтіледі.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар