Ауылда қазір күзгі жиын-теріннің нағыз қызған шағы. Елордада күзде жыл сайынғы дәстүрлі жәрмеңке өтеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарына қарағанда, жәрмеңкеге облыстың 150-ге жуық ауылшаруашылық өнімдерін өсірумен, өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары, серіктестіктері қатысты. Күзгі жәрмеңкеге шаруашылықтар 665 тонна азық-түлік, оның ішінде ет, сүт, сары май, күнбағыс майы, картоп, бал, қаймақ, құрт-ірімшік, қоспа, нан-тоқаш өнімдері, үйрек-қаз, көкөністің түр-түрін, Лебяжінің қарбыздарын алып барған болатын.

Картоп-қарбыз демекші, бұрынғы бір жылдары өңірге бұл өнімдер оңтүстіктен жеткізіліп тұрушы еді. Қазір облыс 320 мың тонна картопты жинап алуға әзірленуде. Лебяжі ауданының бір ғана «Қайрат» шаруашылығы гектарынан 200 центнерден қарбыз алуда. Сондықтан, өсірген өнімдері жыл сайын осылай аста-төк байлыққа кенелсін деген ниетпен жақсы шаралар өткізілді. Жұртшылық облыс орталығында алғаш рет «Павлодар картобы-2013» көрмесін, «Лебяжілік қарбыз-2013» қарбыз фестивалін қызықтады. Павлодардан Қараөткел жаққа баратын күзгі жәрмеңкенің ойын-сауық қоржыны да ән мен күйге толы болған-ды. Облыстың халық шығармашылығы ұжымдары мен қолөнершілері, ұлттық спорт майталмандары да сапарға мықты дайындалды. Қайрат Шапу басқаратын «Қайрат» шаруа қожалығы гектарынан 200 центнерден қарбыз жинауда. Шаруашылық 15 жыл бойы қарбыз өсіріп келеді. Қарбыз бұл біздің ауданның брендіне айналды. Лебяжінің қарбызы деген аты нарыққа енді, бүкіл облыс біледі, – дейді аудан әкімі Айзада Құрманова. Бұл әрі болашақ қарбыз өсіруші балалар үшін де қажет. Еңбек, пайда, табыс қайдан келетінін түсініп, көріп өседі.
Былтыр әр гектардан 115 центнерден өнім алса, биыл әр гектарынан 250-300 центнер өнім алуда. Шаруашылық қарбыздың 36 сортының 25 түрін өсіреді. Көршілес Ресей ауылдарынан да сұраныс түсуде. Биыл жалпы аумағы 500 гектар жерге қарбыз егілді. Қазір өнім мол. Алқап толы ала қарбыз.
Қызыға қарайсың. Облыс орталығында тұратын қалалықтар да, өзге аудандар мен ауылдар да Лебяжінің қарбыздарын сатып алуда.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы.